Біз туралы » Страница 16 » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Наурыз
31
март
2019
Наурыз
Домалақ ене атындағы орта мектебінде наурыз мерекесіне орай «Қош келдің,Әз, Наурыз!» атты 4 «Ә» сыныбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Қайрамбаева Ж. тәрбие сағатқа ата-аналарды да қатыстырып, тәрбиелік мәні зор іс-шара өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар өз білімдері мен өнерлерін көрсете білді.
тағзым
15
март
2019
тағзым
Домалақ ене атындағы орта мектебінің ұжымы қазақ халқының ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келеді деп есептелген «Тағзым» күнін қуанышпен қарсы алды. «Тағзым» күніне орай мектеп асхананың аспазшысы Ұлдана Омарова «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей ата-бабалар рухына тағзым етуде әруақтарға құран бағыштап ұжымға наурыз көже таратты. Алла разы болсын деп, берген көжеңіз қабыл болсын деген ақ тілектерімен ұжым ризашылығын айтты.
Қоғамдық қабылдау
14
март
2019
Қоғамдық қабылдау
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 2019 жылғы 13 наурызда мектеп директоры Қойбағар Раушан Үшкемпірқызы қоғамдық қабылдау күнін өткізді. Қоғамдық қабылдауға ата-аналар келді, қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.
Оқушылардың жетістіктері
14
март
2019
Оқушылардың жетістіктері
12-13 наурыз күндері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығында» волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Әр ауданнан 17 команда қатысып, соның ішінде Шу ауданы Домалақ ене атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларынан құралған команда жүлделі ІІІ орынды иеленіп, мектеп абыройын асқақтатты.
8 наурыз
11
март
2019
8 наурыз
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аяулы аналар- асыл жандар» тақырыбында қарт ұстаздарға, мектеп ұжымының әйел қауымдарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Білім мен өнерді қатар алып жүрген мектеп оқушылары келген қонақтарға керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Әнші балапан
11
март
2019
Әнші балапан
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 1 наурыз алғыс айту күніне орай «Өнер, білім бәрі де- оқуменен табылған» тақырыбында бастауыш сыныптарда әнші балапан байқауы өтті. Өнерлерімен тәнті еткен балғындар көрермендерге керемет көңіл–күй сыйлады
Хабарландыру
11
март
2019
Хабарландыру
Хабарландыру!!! Құрметті Бірлікүстем ауылының тұрғындары! 2019 жылдың 13 наурыз күні сағат 9.00-ден бастап мектеп директоры азаматтарды қоғамдық қабылдау күнін өткізеді. Сіздерді іс-шараға келіп, өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер бойынша ақпарат алуға шақырамыз. Мекен-жайы: Домалақ ене атындағы орта мектебінің акт залы
Ардагерге құрмет
19
февраль
2019
Ардагерге құрмет
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толды. Домалақ ене атындағы орта мектебі жыл сайын Ауған соғысының аяқталуына орай, мерекелік іс-шара ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. Биыл да ауыл әкімі Асқар Бименбетовтың басшылығымен, Домалақ ене атындағы орта мектептің, мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ерлік-ерге мұра» тақырыбында сазды бағдарлама өтті. Шараға Ауған
Мұқағали Мақатаевтың 88 жыл туылған күніне орай іс шара
13
февраль
2019
Мұқағали Мақатаевтың 88 жыл туылған күніне орай іс шара
Домалақ ене атындағы орта мектеп кітапханасында «Жүректен шыққан жырларым......» тақырыбында Мұқағали Мақатаевтың 88 жыл туылған күніне орай әдеби аукцион ұйымдастырылды. Аукционға 5 а,ә сыныптары қатысты аукционда 5 «А» сынып оқушысы Қази Шолпанай М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының желісі бойынша 46 шумақ өлеңін жатқа оқып І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ екінші орынды 5 «Ә» сынып оқушысы Тойшыман Аружан М.Мақатаевтың «Бәрібір сенің ұлыңмын» 14 шумақ өлеңін оқып ІІ орынды жеңіп алды.
Қамқорлық акция
08
февраль
2019
Қамқорлық акция
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ел болып, бірауыздан мектептегі аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларға қайырымдылық көрсетілді. «Қамқорлық» акциясы биыл да өз жалғасын тапты. 2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қамқорлық» және «Жылы жүрек – жомарт қол» атты тақырыбында дәстүрлі республикалық акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты- аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының