Ардагерге құрмет » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2019

Ардагерге құрмет

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толды. Домалақ ене атындағы орта мектебі жыл сайын Ауған соғысының аяқталуына орай, мерекелік іс-шара ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. Биыл да ауыл әкімі Асқар Бименбетовтың басшылығымен, Домалақ ене атындағы орта мектептің, мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ерлік-ерге мұра» тақырыбында сазды бағдарлама өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері Бақберген Қырықбаев, Болат Ширван және Бақытжан Бөкенов арнайы шақырылып, зор құрмет көрсетілді.
А.Бименбетов жауынгерлердің ұрыста көрсеткен ерлігін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, естелік сыйлық табыстап, ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдірді. Құрмет көрсетушілерге алғыс сезімін білдірген ардагерлер сұрапыл соғыстың қасіретті жылдарын еске алып, бейбіт күнде өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың тағдырына соғыстың жазылмауын тіледі.
Мектеп оқушылары тақырыптық көріністер көрсетіп, ұлттық билерден, патриоттық әндерден шашу шашып, көрерменнің көңілін көтерді.
Сонымен қатар ұстаздардың ұйымдастыруымен ардагерлердің қатысумен тәрбие сағаттары, патриоттық әндер байқауы өткізілді. Ауыл жастары және мектеп оқушылары ауылдағы жалғыз ілікті қариялардың ауласындағы отындарын жарып, үй шаруаларына жәрдем көрсетті.
Ардагерге құрмет
Ардагерге құрмет
Ардагерге құрмет

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив