23
ноябрь
2018
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қамқоршылық кеңес» отырысы туралы мәлімет
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 19.11.18 күні «Қамқоршылық кеңес» отырысы өтті. Аталған отырысқа Ж.Нуриев, А.Киинбаева, М.Шалқарбеков, Н. Қошқарбаев,Ж.Сопбекова, М.Даумбакова, Д.Алипбаев, М. Садыков, А.Қайрамбаев, Ж.Серкебаев және мектеп директоры Р.Ү. Қойбағар қатысты. Алғы сөзді мектеп директоры Р.Ү. Қойбағар ашты. Мектепте өткен оқу жылы бойынша бір қатар іс-шараларға тоқталып өтті. Оқушылардың жазғы демалысы, білім сапасы «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде 7,8-9 сынып оқушылары Тараз қаласының тарихи орындарында, Көне Баласағұн қалашығында, аудандық орталық мұражайға және кітапханаға барғандығы туралы да мәліметтер берілді. «Қамқоршылық кеңесінің» әліде атқаратын жұмыстары көп екенін алға тартты.
[center][/center]