Біз туралы » Страница 12 » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері
13
июнь
2022
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Ертегілер елінде» атты ертегі оқу сәтін ұйымдастырды. Балалар өздері білетін ертегілерге шолу жасады.
"Бар мейіріміміз балаларға" тақырыбында "Балдәурен" жазғы лагерінің ашылуы өткізілді.
01
июнь
2022
"Бар мейіріміміз балаларға" тақырыбында "Балдәурен" жазғы лагерінің
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "2022 жыл - Балалар жылына" және 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Бар мейіріміміз балаларға" тақырыбында "Балдәурен" жазғы лагерінің ашылуы өткізілді. Лагерьдің ашылуында мектеп директоры Р.Ү. Қойбағар оқушыларды бүгінгі мерекемен құттықтады. Оқушылар ән айтып, флешмоб биледі. Сонымен қатар, Бірлікүстем ауылдық округі,  мектеп директоры, еңбек пәнінің мұғалімі балаларға тәтті балмұздақтар мен  банан таратылды.
26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" жұмысы орын алуда.
01
июнь
2022
26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" жұмысы орын алуда.
Мектебімізде 26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" жұмысы орын алуда.  Бастауыш сынып мұғалімдері 1-4 сынып оқушылармен оқу жылындағы  күрделі тақырыптарды қайталатып, тапсырмалар орындатуда. Сонымен қатар, олқылықтардың орнын толтыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып демалыс кезінде де оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруда.                      
"Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны  өтті.
25
май
2022
"Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны өтті.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде дәстүрлі "Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны  өтті.  Биылғы ҚР Президенті  Қ. Тоқаевтың жарлығымен "Балалар жылы" болып жарияланғаны белгілі. Түлектер керемет сыйлықтарын алып, мәз-мейрам болды. Жаңа мектебімізде оқушылардың жан-жақты, терең білім алуына барлық жағдай жасалынған. Биылғы оқу жылын үздік, екпінді аяқтаған әр оқушы мадақтамамен марапатталды. Ата-аналар, ұстаздар Алғыс хаттарын алды. Мектептен түлеп ұшып шыққалы отырған 19 түлекке жақсы, жылы
Жаңа Қазақстан
23
май
2022
Жаңа Қазақстан
2022 жылғы 5 маусымда Президенттің Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу бойынша  желілік кестеге сәйкес Домалақ ене  атындағы орта мектебінің директоры Р.Қойбағар мектеп ұжымына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бірауыздан дауыс беруге қатысып,  Жаңа Қазақстанды бірге құруға  шақырды. #референдум  #ЖаңаҚазақстан
"Әлемге әйгілі-Әуезов" тақырыбында дөңгелек үстел өттті.
27
апрель
2022
"Әлемге әйгілі-Әуезов" тақырыбында дөңгелек үстел өттті.
Қазақтың ұлы жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына орай Домалақ ене атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі З.Утегулова "Әлемге әйгілі-Әуезов" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады.
13
апрель
2022
2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев  2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған байланысты Домалақ ене атындағы орта мектебінде  балалар жылына арналып, жылдық жоспар даярланып бекітілді. Жылдық жоспарға сәйкес, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында  кездесу өткізілді.
" Ақберен" байқауы өтті.
12
апрель
2022
" Ақберен" байқауы өтті.
Мектеп оқушыларының арасында өтетін 8 аудандық" Ақберен" байқауы өтті. Байқау оқушылардың шығармашылық қабілетін,өлең жазу,тапқырлық қырын, дарынын таныту,шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп,ары қарай дамытуына жол ашу. Байқау 6 бағыт бойынша өткізілді. Домалақ ене атындағы орта мектебінің 8 ә сынып оқушысы Тоқтарқұл Ақнұр  ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша қатысып,жүлделі 3 орынға ие болды.
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай  аудандық байқау өтті
08
апрель
2022
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай аудандық байқау өтті
Домалақ ене атындағы орта мектебінің оқушысы  Хазый Шолпанай  орталық кітапхананың Білім бөлімінде  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруыменДомалақ ене атындағы орта мектебінің оқушысы  Хазый Шолпанай  орталық кітапхананың Білім бөлімінде  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай  аудандық байқауға қатысып  3 орын иеленді. ға қатысып  3 орын иеленді.