Мектеп әкімшілігі » Страница 7 » Домалак ене атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Домалақ ене атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(747) 473-56-17
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бүгінгі күннің бос жұмыс орындары
17
август
2023
Бүгінгі күннің бос жұмыс орындары
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Домалақ ене атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос жұмыс орындарына  конкурс жариялайды. Бос жұмыс орын саны: 2.  Тарих пәнінің мұғалімі- тұрақты Физика пәнінің мұғалімі- уақытша Жүктемесі: әр жұмыс орны бойынша 16 сағаттан. Лауазымдық міндеттері: Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген
Мектеп формасы туралы мәлімет.
01
август
2023
Мектеп формасы туралы мәлімет.
АТА -АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!   Мектеп формасы туралы мәлімет. 2023-2024 оқу жылында Шу ауданы білім бөлімінің "Домалақ ене атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп формасы жайлы ақпарат: «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы  № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде  мектеп
"Мектепке жол - Жақсылық жаса!" акциясына қатысыңыз!
01
август
2023
"Мектепке жол - Жақсылық жаса!" акциясына қатысыңыз!
"Мектепке жол - Жақсылық жаса!" акциясына қатысыңыз! Тамыздың бірінен басталатын дәстүрлі  "Мектепке жол" акциясы биыл "Мектепке жол  Жақсылық жаса! " ұранымен жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылғалы отыр.   Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.  Осыған орай жаны жайсан, қолы ашық, жомарт жандардың
Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар.
15
июнь
2023
Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар.
Құрметті ауыл тұрғындары, ата-аналар мен қымбатты балалар!     Балалар жазғы демалысқа шығып, суға шомылу маусымы да басталып кетті. Осы орайда Домалақ ене атындағы орта мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдері, жауапты қызметкерлер мен сынып жетекшілері тарапынан 2022-2023 оқу жылы аяғында жалпы ата-аналар жиналыстарында, жоспарлы сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларда суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жалпы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жөнінде
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу.
31
май
2023
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу.
31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым ету мақсатында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатта оқушыларды жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен таныстыру
«Оқуға құштар мектеп»
26
май
2023
«Оқуға құштар мектеп»
Қасым Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Соған сәйкес Домалақ ене атындағы орта мектепте 26 мамыр  күні «Абай жолы- халық жолы» тақырыбында байқау өтті. Байқауда М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан  1 кезеңге тест ұйымдастырылса, 2  кезеңде сұрақтар қойылды. Байқауда әділқазылардың әділ шешіміне сәйкес  1-орынды  10-сынып оқушысы Сейсехан Салима иеленсе,  2- орынды 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Арина
«Қазақстан – бірлік пен татулық мекені»
28
апрель
2023
«Қазақстан – бірлік пен татулық мекені»
Домалақ ене атындағы орта мектебінде “1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні” мерекесіне орай оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа,өзге ұлт өкілдерінің бір – біріне деген татулығын,бірлігін насихаттау мақсатында «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбында үлкен іс – шара өткізілді.Іс – шара барысында оқушылар әр ұлттың биін билеп,әнін шырқап келген көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады! #мерекеқұттыболсын!
Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын мамандық” тақырыбында аймақтық пікірсайыс турнирі өтті
14
апрель
2023
Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын
Бәйдібек ауылы М. Мәметова мектебінде  Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын мамандық” тақырыбында аймақтық пікірсайыс турниріне мектебіміздің “Жастар”, “Заманауи жастар” фракциялары қатысып, 14 фракция, яғни 28 спикер арасынан “Жастар” фракциясының 1 спикері Сейсехан Салима “Үздік спикер” номинациясын жеңіп алды! Сонымен қоса “Заманауи жастар” фракциясының 1 спикері Батырбай Ақбота “Үздік кейс” номинациясын жеңіп алды! Жеңісті күндеріміз көп болғай!!!