Мектеп әкімшілігі » Страница 11 » Домалак ене атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Домалақ ене атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(747) 473-56-17
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікті түсіну " тақырыбында  ұлдар жиналысы өткізілді.
20
сентябрь
2022
"Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстық
Шу ауданы білім бөлімінің  Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қиын бала болмайды»жобасы аясында  7-11 сынып оқушыларына ауыл әкімі А.Қ.Қуанышев пен Шу АПБ-нің ЖПҚБ УПИ қызметкерлері қатысуымен "Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікті түсіну " тақырыбында  ұлдар жиналысы өткізілді. Мақсаты : Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,қылмыстық іс-әрекеттерді болдырмау, құқықтық сауаттылыққа үйрету,адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.    
"Мектепке жол" акциясы
29
август
2022
"Мектепке жол" акциясы
   Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында 1  оқушыға,спорттық киім, 8 оқушыға сөмкелермен және құрал жабдықтармен қамтылды. Демеушілік көрсеткен Ауыл әкімшілігі, ЖШҚ Садыков М,мектептің жомарт түлегі Ибрагимов С, және жеке кәсіпкер Қайрамбаев А.  Ата –аналар және мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз. Орындаған: Әлеуметтік педагог Сарсенбаева   Ш.
"Мектепке жол" акциясы
24
август
2022
"Мектепке жол" акциясы
      Домалақ ене атындағы орта мектебінде  1 тамыз- 31 тамыз  аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан  5 оқушыны мектеп формасымен қамтыды. Демеушілік жасаған мектебіміздің  жомарт  түлегі, Шу қалалық №10 колледжінің директоры  Мусаева Т.  Ата- аналар және мектеп ұжымы атынан  алғыс білдіреміз. 
«Мектепке жол» акциясы
17
август
2022
«Мектепке жол» акциясы
      Домалақ ене атындағы орта мектебінде  1тамыз- 31 тамыз  аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан  1 оқушыға мектеп формасы, 5 оқушыға демеушілік тарапынан сөмкелермен, құрал жабдықтармен көмек көрсетілді. Демеушілік жасаған Бірлікүстем ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Ташметов А. Мектеп түлектері  Аймаханбетов Т.,Аймаханбетов С., кітапхана меңгерушісі Утегулова З. және мектеп ұжымына  алғысымыз шексіз. «Мектепке жол» акциясы жалғасын
БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
16
август
2022
БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ  ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ДОМАЛАҚ ЕНЕ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ. «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Домалақ ене атындағы орта мектебі » КММ.  Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Бірлікүстем ауылы, Ж.Масатбаев көшесі №33А үй. Анықтама, байланыс номері: 8747 483 30 93 Электрондық пошта: domalak.ene@yandex.ru Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән
Еңбек етер жастарды жумысқа шақырады!!!
01
июль
2022
Еңбек етер жастарды жумысқа шақырады!!!
Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің "Домалақ ене атындағы орта мектебі" КММ орыс тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдерінің тапшылығына байланысты, аталған пәндер бойынша күндізгі бөлімде оқыған, жоғары білімді, "педагог" санаты бар, білімді болашақ үшін аянбай еңбек етер жастарды жумысқа шақырады!!! Апталық жүктемесі 20 сағаттан асады. Ашық конкурс жарияланады. Бірлікүстем ауылы, Ж. Масатбаев көшесі 33А Байланыс телефоны: 87754177617
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері
13
июнь
2022
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Ертегілер елінде» атты ертегі оқу сәтін ұйымдастырды. Балалар өздері білетін ертегілерге шолу жасады.
"Бар мейіріміміз балаларға" тақырыбында "Балдәурен" жазғы лагерінің ашылуы өткізілді.
01
июнь
2022
"Бар мейіріміміз балаларға" тақырыбында "Балдәурен" жазғы лагерінің
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "2022 жыл - Балалар жылына" және 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Бар мейіріміміз балаларға" тақырыбында "Балдәурен" жазғы лагерінің ашылуы өткізілді. Лагерьдің ашылуында мектеп директоры Р.Ү. Қойбағар оқушыларды бүгінгі мерекемен құттықтады. Оқушылар ән айтып, флешмоб биледі. Сонымен қатар, Бірлікүстем ауылдық округі,  мектеп директоры, еңбек пәнінің мұғалімі балаларға тәтті балмұздақтар мен  банан таратылды.
26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" жұмысы орын алуда.
01
июнь
2022
26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" жұмысы орын алуда.
Мектебімізде 26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" жұмысы орын алуда.  Бастауыш сынып мұғалімдері 1-4 сынып оқушылармен оқу жылындағы  күрделі тақырыптарды қайталатып, тапсырмалар орындатуда. Сонымен қатар, олқылықтардың орнын толтыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып демалыс кезінде де оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруда.