МЕКТЕП ДӘСТҮРІ » Домалак ене атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Домалақ ене атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(747) 473-56-17
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2016

МЕКТЕП ДӘСТҮРІ

2015-2016 оқу жылы бойынша Домалақ-Ене атындағы орта мектебінің
тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі.

Білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету:

Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 227 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын негізге ала отырып жұмыс жасайды.
Тәрбие ісі меңгерушісінің педагогикалық шеберханасында сынып жетекшісінің анықтамалылығы журналы , басқа да тәрбие жұмысына қатысты оқулықтар мен әдістемелік құралдармен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген.

Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері;

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Мектептің тәрбие беру жұмысының тақырыбы:
Жеке тұлғаның ақпараттық- коммуникациялық құзырлылығы негізінде рухани- адамгершілік дамуын қалыптастыру.
Домалақ-Ене атындағы орта мектебінің тәрбие жұмысының мақсаты:
Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас мәдениеті, ақпараттық мәдениеті, зерттей білетін дағдылары, іс-әрекет жасай білу, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
Биылғы оқу жылында алға қойылған мақсат:
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу,әдістемелік құралдар дайындау, өзара іс-тәжірибе алмасу.

2015-2016 оқу жылында мектепте 20 сынып толымдығымен 352 оқушымен және 2 мектепалды даярлық тобы жұмыс істеді. 20 сынып жетекшінің 5-уі жоғары санаттағы, 4-уі бірінші санаттағы, 5-уы екінші санаттағы, 6-уі санатсыз мұғалімдер. Сынып жетекшілерінің барлығының білімі жоғары. Мектепте тәрбие орталығы және 0,5 ставкадан 2 үйірме жұмыс істеді. Жылдық тәрбие жоспарларын жас ерекшеліктеріне қарай «Модульдық технология» бойынша 8 модульге сала отырып, тәрбиенің қыр-сырын ашуда. Әр тоқсанның соңында сынып жетекшілері тәрбие бағыттары бойынша есеп беріп отырады, мониторингтері шығарылады. Тәрбие жұмысының сапалы болуының бір көрсеткіші оқушылардың күнделікті сабаққа қалмай қатысуы да болып есептеледі. Мектебімізде бұл мәселеге де ерекше мән беріліп, қадағалануда. Оқушыларға тәрбие беруде, жыл бойы өткізілген іс-шараға сараптама жасалып, тоқсан соңында сыныптар бойынша тәрбие жұмысының рейтінгісі шығарылып отырды. Осы оқу жылының ішінде үлкен жауапкершілік танытып, оқушының бойына тыңғылықты тәрбие беруде сынып жетекшілердің қосқан үлесі зор.
2015-2016 оқу жылындағы тәрбие жұмыстары бойынша бастауыш сынып жетекшілерінің рейтингісі

Көрсетілген рейтинг нәтижесі бойынша Г.Буданбекова, Қ.Құдайғұлова жоғары деңгейді, Г.Райымқұлова, Г.Ақшабаева,А.Ташметова, Ағыбаева Қ, З.Тастанова жеткілікті деңгейді, ал Г.Бекназарова, Ж.Қайрамбаева, Г.Әжікеева ауытқушылық деңгейді көрсетті.

2014-2015 оқу жылындағы тәрбие жұмыстары бойынша 5-11сынып жетекшілерінің рейтингісі

Көрсетілген рейтинг нәтижесі бойынша Ж.Уалиева, П.Құстүтінова, М.Мурзабекова, А.Қосетова жоғары деңгейді, Г.Мустакимова, Ж.Қонақбаева, Сыздықбаева Б, Уатаева А жеткілікті деңгейді, ал Қ.Ақмолдаева мен С.Тойшыбекова ауытқушылық деңгейді көрсетті.

Оқушылар санының соңғы үш жылдағы мониторингісі


Қ.Р. кешенді тәрбие бағдарламасындағы 8 бағыт бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Патриоттық сананы қалыптастыру
Міндеттері:патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым-қатынасты қалыптастыру; белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру; Отанды: Қазақстанның мәдениетін, тарихын, фольклорын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік рәміздерді білуді насихаттау; елдің жетістіктері үшін жауапкершілік пен мақтаныш сезімін дамыту.
Мектебімізде патриоттық сананы қалыптастыру бағыты бойынша жоспар құрылып, төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылды.
1- қыркүйек күні білім күніне арналған 1-11 сыныптар аралығында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында алғашқы ашық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатына барлық сынып оқушылары және ата-аналар қатысты. Қазақстан Республикасының Президенттінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында мектепте арнайы жоспар құрылып, жоспарды орындау мақсатында 16-26 қыркүйек аралығында "Тіл мәртебесі-ел мәртебесі" тақырыбында тіл мерекесі өткізілді. 16 қыркүйек жалпы онкүндіктің іс-шарасын мектеп оқушыларына және мектеп ұжымына таныстырып өттік. Жоғарғы сыныптар «Ана тілім-ардағым» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды. 17 қыркүйек «Ана тілім-айбыным» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы 1-4 сыныптар аралығында өтсе, «Язык мой-друг мой» тақырыбындағы мәнерлеп оқу байқауы 5-10 сыныптар аралығында өтті. Жауапты мұғалімдер: М. Жиесова және Г.Мустакимова. 19қыркүйек «Тәуелсіздік тірегі-тіл» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Кітап көрмесін мектебіміздің кітапханашысы З.Утегулова өткізді. 21 қыркүйек «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» шығарма байқауын 8-11 сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Уәлиева өткізді. «English is a language of feture» шығарма байқауын 10 сыныптарда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі П.Құстүтінова өткізді. 22қыркүйек «Сөз мерген» интеллектуалды ойынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Қонақбаева 6-7 сыныптарда жүргізді. 23 қыркүйек «Қазақ хандығының тарихы және ұлт болашағы» тақырыбында 8-10 сыныптарда дөңгелек үстелді тарих пәнінің мұғалімі Б.Сыздықбаева жүргізді. 25 қыркүйек «Достықта жоқ шекара» сурет байқауын 5-6 сыныптарда сурет пәнінің мұғалімі Г.Әжікеева мен А.Қосетова өткізді. 8А,Ә-сыныптарда «The kingdom of three languages» интелектуалды ойынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Күребаева жүргізді. «Адамзаттың Абайы» дөңгелек үстелін 8-10 сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.Тойшыбекова өткізді. 26 қыркүйек «Тіл –татулық тірегі» қорытынды кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында Тіл мерекесіне белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


Тіл мерекесінен көріністер

Қарашаның 30-нен желтоқсанның 4 аралығында «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған жұмыс жоспары құрылып, сол жоспарға сәйкес іс –шара ұйымдастырылып өткізіледі. 30 қараша күні сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларына сәйкес «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
30 қараша күні 3-5 сыныптар арасында «Менің Елбасым» тақырыбында фото, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2 желтоқсан күні 3 «Б» сыныбы «Менің тұңғыш Президентім», 6 «А» сыныбы «Елін сүйген-Елбасы» тақырыптарында ашық сынып сағаттарын өткізді.
3 желтоқсан күні 8 «А», «Ә» сыныптарының ұйымдастыруымен «Болашақты болжаған кемел еңбек» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырс барыссында оқушылар қазақ елінің тәуелсіздікиен бері қарай Қазақстанның және елбасының жеткен жетістіктері туралы көпдеген мәліметтер келтірді.
3 желтоқсан күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында шығарма байқауы өтті. Байқау нәтижесі бойынша ІІІ орын Әсімхан Жасұлан, бақытқызы Әмина, ІІ орын Көрікбаева Ботагөз, Омарова Мөлдір, І орын Жарылғапова Қазына иеленді. Шығарма байқауына қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
4 желтоқсан күні «Елбасы күні-елдікке құрмет мерекесі» атта қорытынды әдеби кеш өтті. Кеш соңында Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күніне арналған іс –шараларға белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.


Сынып сағаттарының көріністері


Қорытынды әдеби-сазды кештен көріністер

Фото көрмеден көріністер
Желтоқсанның 7-15-і аралығында «ҚР Тәуелсіздік күні» апталығы өткізілді.
7 Желтоқсан күні сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларына сәйкес 1-11 сыныптарында «Тәуелсіздік күні-жайлы өмір кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
8 желтоқсан күні акт залында «Егеменді елдігім-Тәуелсіздік теңдігім» тақырыбында мектеп кітапханашысы Утегулова З. кітап көрмесін өткізді.
9 желтоқсан күні «Тәңір сыйы-Тәуелсіздік» тақырыбында шығарма байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын 8 «А» сынып оқушысы Қыдырбай А. ІІ орын 10 «А» сынып оқушысы Омарова М, І орын 9 «А» сынып оқушысы Тұрғанова Б. иеленді.
10 желтоқсан күні 10 «А» сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
11 желтоқсан күні «Тәуелсіздік-таң нұрлы» тақырыбында қабырға газеттерін шығару байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын 8 «А», ІІ орын 5 «А», І орын 5 «Ә» сыныпбы иеленді
12 желтоқсан күні «Желбірей бер, тәуелсіздік байрағы» тақырыбында 3 А,Ә,Б сыныптары арасында спорттық «Толағай» жарысы өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша ІІІ орын 3 «Б» сыныбының «Алау» тобы, ІІ орын 3 «А» сыныбының «Қыран» тобы, І орынды 3 «А» сыныбының «Тұлпар» тобы иеленді.
14 желтоқсан күні «Тәулсіз елім-тірегім» тақырыбында 4 «Ә», 5 «Ә», 6 «А», 7 «А» 9 А сыныптары ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
15 желтоқсан күні «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік!» тақырыбында сазды бағдарлама өтті.


Сынып сағаттардан көріністер


«Толағай» спорттық жарысынан көріністер


Қабырға газеттері байқауы


Сазды бағдарламадан көріністер

23 ақпан күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауылдық мәдениет үйінде «Екі жұлдыз» ән байқау өтті. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені аға тәлімгер Сқағалиева Қ мен 10 «А» сынып оқушысы Рызықұл Ернұр иеленді.


«Екі жұлдыз» ән байқауынан көрініс


«Екі жұлдыз» байқауы “Шу өңірі” газетінің
кезекті нөміріне жарияланды

18 ақпанда оқушыларды адамгершілікке , патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты 7 «А» сынып жетекшісі Ж.Уалиеваның ұйымдастыуымен «Ауған ақиқаты» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері: Қырықбаев Бақберген, Азнаев Болат, Бөкенов Бақыт қатысты. Кездесу барысында арнайы слайд арқылы берілген тапсырмаларды оқушылар топқа бөлініп, өз пікірлерін білдіре отыра орындады. Ардагерлер оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеш өте әсерлі өтті. Кештің соңында ауыл әкімі А.Ө.Бименбетов құттықтау сөзін сөйлеп, ардагерлерге арнайы дайындалған сыйлықтарды табыс етті. Ардагерлер оқушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.


Ауған соғысы ардагерлерімен кездесудің көріністері

29 сәуір-7 мамыр аралығында «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған жұмыс жоспары құрылып, сол жоспарға сәйкес іс –шара ұйымдастырылып өткізілді.
29 сәуір күні 5-7 сынып ұлдарының арасында «Жігітке жеті өнер де аз» атты байқау өтті. Байқау қорытындысы бойынша 7 «А» сынып оқушысы Сәрсенбай А. І орынды иеленді.
3 мамыр күні 9-11 сынып ұлдары арасында «Мен болашақ жауынгермін» тақырыбында шығармашылық сұхбат өткіздік. Кездесуга ауған соғысының ардагері Азнаев Болат ағаны шақырдық.
4 мамыр күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Жігіттің қасиеті-ерлік» тақырыбында спорттық жарыс өткіздік. Жарыс қорытындысы бойынша үздік оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
5 мамыр күні 2-10 сынып оқушылары арасында «Мен Отанды қорғаймын» атты сурет көрмесі өтті. Көрмеге тоқушылары өздері даярлаған суреттерін көпшілік назарына ұсынды. 10 «А» сынып оқушысы Хасен Дианырдың «Жауынгер бейнесі» атты суреті үздік атанды.
6 мамыр күні кітапханашы Утегулова З. 6-7 сынып оқушыларымен «Отанды қорғау-Отаншылдың парызы» тақырыбында кітп көрмесін өткізді. Көрмеге Б.Момышұлының, Қ.Қайсеновтың және т.б. қазақ батырларының щығармалары қойылды.
6 мамыр күні 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіз, бейбіт елдің ұландары» тақырыбында сазды бағдарлама өтті. Кеште патриоттық-әскери әндер шырқалды.
7 мамыр күні 7-10 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Біз-бейбіт елдің ұландары» тақырыбында сапта жүріп ән айту байқау өтті.


Жігіт сұлтаны байқауынан көріністер


Сапта жүріп ән айту байқауынан көріністер

4-10 мамыр аралығында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған апталық өткізілді. Апталық барысында 1-11 сыныптар аралығындағы оқушылардың қатысуымен «Ел қорғайтын-ер жігіт», «Ер есімі-ел есінде» атты сынып сағаттары өткізілді. 6-шы мамыр күні 4а,ә сынып оқушыларының қатысуымен «Жеңісті жақындатқан жауынгерлер ерлігі» атты ҰОС кезіндегі тыл ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Ләйлә,Шәмкүл,Мария апаларымыз қатысты. Кездесу барысында оқушылар арнайы ардагерлерге өлең шумақтарын оқып, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.
4 мамыр күні 8-10 сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақтандық жауынгерлер туралы «Отан үшін от болып жанғандар» атты деректі фильмдер көрсетілді. 2-10 сынып оқушылары арасында «қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!» тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын 2 «Ә» сынып оқушысы Қайратұлы Нариман, ІІ орын 5 сынып оқушысы Сүйімхан Аяулым, І орынды 6 сынып оқушысы Орынбек Аружан иеленді.3,4,5,6 сыныптарда «Жеңіс туы мәңгілікке желбіре» тақырыбында ашық сынып сағаттары өтті.
5 мамыр күні аға тәлімгер Сқағалиева Қ. ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары Ұлы Отан соғысына қатысқан ауылдас аталарымыздың артта қалған балаларымен «Ұрпаққа ұран болған Жеңіс!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
6 мамыр күні 3-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Жеңістің жырын жырлайық» атты сазды бағдарлама өтті. Сазды кешімізде оқушылар әскери-патриоттық әндер орындады.
10 мамыр күні 7-10 сынып оқушылары арасында шағын футболдан «Жеңіс кубогі» үшін жарыс ұйымдастырылды. Жарыс соңында 9 «А» сынып оқушылары І орын иеленді.

«Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!»
Патриоттық әндер байқауы

«Бейбіт тірліктің тұғыры болған Жеңіс»
Сапта жүрін ән айту байқауы

Шағын футболдан «Жеңіс кубогі»

25 мамыр күні «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты 2015-2016 оқу жылын аяқтауға арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға «НұрОтан» ХДП хатшысы Е.К.Өмірәлиев, Г.Кәрібайқызы, ауыл әкімі А.Ө.Бименбетов, мектептің ардагер ұстаздары және 10,20,40 жылдық түлектер қатысты. Жиынды мектеп директоры Р.Ү.Қойбағар өзінің құттықтау сөзімен ашты. Жиын барысында оқу жылының аяқталуы туралы бұйрық оқылып, жыл қорытындысы бойынша үздік, екпінді және облыстық, аудандық, мектепішілік жарыстардың жеңімпаз оқушылары марапатталды. Жиын соңында мектептің 20 жылдық түлектер атынан мектеп оқушыларына бағасы 100 000 (жүз мың)теңге көлемінде арнайы спорттық киімдер мен спорттық құралдар сыйланса, 40 жылдық түлектері 100 000 (жүз мың)теңге көлемінде келесі оқу жылының қайырымдылық акциясына ақшалай сыйлық берді.

Соңғы қоңыраудан көріністер
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: өзінің міндеттерін түсінетін және қабылдайтын, өмірді және өзін, өзінің іс-әрекеттерін рухани-адамгершілік нормалары тұрғысынан дұрыс бағалауға қабілетті толық тұлғаны тәрбиелеу, өзін-өзі, өзінің қабілетін, рухани-адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі дамыту және жетілдіру мүмкіндіктерін тану.
Міндеттері: дәстүрлі көзқарас пен дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған әлемнің көптүрлілігін. Қарама-қайшылығы мен күрделілігін тану;адам өмірінің құндылықтарын және әр адамның ерекшелігін түсіну, өз өміріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;қайсар мінезді, туындайтын кез келген қиыншылықтарды жеңіп шығуға, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге талпыну қабілеттерін қалыптастыру; әлемге, басқа адамға және өзіне деген махаббатқа, жағымды сезімдер мен қарым-қатынасқа құрылған жоғары жүйені бекіту және дамыту.
Рухани-адамгершілік даму бойынша жоспар бекітіліп, төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды. 1тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке барар жол » акциясы ұйымдастырылып, мектебіміздегі аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасының балаларына көмек көрсетілді.
1 қазан Қарттар күніне орай сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларына сәйкес «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
1 қазан күні 8-10 сыныптар арасында волейбол ойыны ұйымдастырылды. Ойынның нәтижесі бойынша 8 сынып3 орын, 9 сынып 2 орын, 10-сынып 1 орын иеленді. Үздік ойыншылар жеке мақтау қағаздарына ие болды.
2 қазан күні акт залында 9 «А» сыныбы «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында ауылымыздың қарт кісілерімен кездесу өткізілді. Кездесуге мектептің ардагер ұстаздары да қонаққа шақырылды.
3 қазан күні 8 «А», «Ә» , 10 «А» сынып оқушылары ауылымыздың жалғызбасты қарттарымыздың үйлеріне көмекке барды.


8 «Ә» сыныбы 8 «А» сынып оқушылары
Құдайберген атаның үйінде Ұлпан апаймен

Қарттар күніне арналған оқушылар арасындағы волейбол жарысы


Ауыл имамы Жетпісбай аға мен ауылымыздың ардагер ұстазы Әшен апамен кездесу
Кездесуге қатысқан ауыл имамы және қарт ұстаздар өздерінің тілектерін білдіріп, өткізілген іс-шараға өздерінің ризашылығын білдірді және мектеп ұжымы даярлаған шағын сыйлықтар табыс етілді.

2 қазан күні ұстазда күні мерекесіне орай 3 «А», «Ә» , 5 «А», «Ә» , 8 «А», «Ә» сыныптарында «Ұстазм менің ұстазым» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
3 қазан күні акт залында «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты тақырыбында сазды бағдарлама өткізілді. Сазды бағдарламаға мектептің ардагер ұстаздары қонаққа шақырылды
3 қазан күні «Ұстаз ұлағаты» атты тақырыбында мектеп тәлімгері Қ.Сқағалиеваның ұйымдастыруымен газет байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Байқау 3-6 сынып оқушылары арасында өтті. Байқау соңында қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.


Сынып сағаттарынан көріністер


Ұстаздар мерекесінен көріністер

Кешке қатысқан ардагер ұстаздар өздерінің тілектерін білдіріп, өткізілген іс-шараға өздерінің ризашылығын білдірді және мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымымен бірлескен марапаттаулар мен алғыс хаттар ұстаздарға табыс етілді.
27 қазан күні қамқоршылар күні мерекесіне орай жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға пана болып жүрген азаматтардың құрметіне іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. «Жетім көрсең жебей жүр» деген халық даналығынан ой түйіп, ата-анасынан айырылған балаларға мейірім шуағын төгіп, жанашырлық танытатын жандар арамызда аз емес. Аталған шараға ауылымыздың бас имамы Әлімбаев Жетпісбай аға мен ауыл әкімдігінің бас маманы Болатова Мәрзия шақырылды.
Шара барысында психолог Мурзабекова Мадина «Өмір-өзен» атты презентация көрсетіп, қоғамдағы ананың роліне тоқталса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ташметов Нұржан қамқорлыққа зәру балаларға үлкен қолдау көрсетіп отырған жандарға алғысын айтты. Мектебіміздің дарынды оқушылары да өз өнерлерін ортаға салса, әдемі де әсерлі сазды бағдарлама соңынан әлеуметтік педагог Уатаева Айсауле жиналғандарға игі тілегін жолдап, ұжым атынан қамқоршыларға сыйлықтар тарту етті. «Қамқоршы күні» жылылық пен ынтымақтастық жағдайында өтті.
25 қараша-10 желтоқсан аралығында Домалақ-Ене атындағы орта мектебінде «Бақытты отбасы-бақытты ел!» ұранымен акция өткізілді. Бұл акцияның мақсаты отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін арттыру.
26 қараша күні 5-11 сыныптар «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
27 қараша күні психолог Мурзабекова Мадина «Сенің отбасындағы орнын қандай» атты презентация көрсетіп, қоғамдағы ананың роліне тоқталды.
4 желтоқсан күні дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Халықов Жандос «Әкем, анам және мен» атты отбасылық толағай ойынын өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын Омаровтар отбасы, ІІ орын Әбдревтер отбасы, І орынды Азнаевтар отбасы иеленді.
7 желтоқсан күні аға тәлімгер Сқағалиева құралай бастауыш сынып мұғалімдерімен бірігіп «біз бақытты баламыз» атты ән байқауын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын
2 «Б» сынып оқушысы Әсімхан Айым, ІІ орын 3 «А» сынып оқушысы Атабек Назгүл,
І орын 2 «А» сынып оқушысы Қайратұлы нұртас иеленді.
25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты 3-10 сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша
ІІІ орын 8»А» сынып оқушысы Орынбасар Э, ІІ орынды 10 сынып оқушысы Хасен Д,
І орынды 10 сынып оқушысы Қамысбек Г. иеленді.
25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Мен және менің отбасым» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында шығарма байқауы өтті.
10 желтоқсан күні «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында аға тәлімгер Сқағалиева Құралай 8-10 сыныптармен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде оқушылар өздерінің отбасы туралы түсініктерін ортаға салып, өз ойларын ортаға салды. Отырыс соңында 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Бақытты отбасы-бақытты ел!» ұранымен өткізілген акцияға белсене қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

23 желтоқсан күні 1 А,Ә сыныптар арасында «Әліппемен қоштастым, ана тілмен достастым» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте 1 сынып оқушылары 42 әріпті жатқа айтып, сөздер құрап, өлең шумақтарын оқыды.


Ертеңгіліктен көріністер

16 қаңтар күні 7-11 сыныптар арасында «Ибалы адам, иманды қоғам» тақырыбында ауыл имамымен кездесу өтті. Кездесу барысында ауыл имамы оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына ашық жауап қайтарып, имандылықтың қазіргі қоғамдағы рөлі туралы ақпарат берді.

Ауыл имамымен кездесуден көріністер

27 қаңтар-2 ақпан аралығында «Мектеп, қоғам контексінде рухани-адамгершілік тәрбиенің өзектілігі:мазмұны мен перспективалары» атты онкүндік өтті.
27 қаңтар күні 1-11 сынып оқушыларының психологиялық денсаулығын нығайтуға арналған ашық есік күні болып жарияланды.
28 қаңтар күні мектеп мед.бикесі Джанықұлова А. 9-11 сынып оқушылары арасында «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
28 қаңтар күні мектеп психологы Мурзабекова М. 5-11 сынып оқушылары арасында «Психологиялық плакаттар галереясы» атты көрме ұйымдастырды.
29 қаңтар күні 1-4 сынып оқушылары арасында «Отбасым-мақтанышым тірегім»тақырыбында шығарма байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша
ІІІ орын 3 «А» сынып оқушысы Доғдырбай М, ІІ орын 4 «А» сынып оқушысы Жақыпбаев Ғ, І орын 2 «Ә» сынып оқушысы Қази Ш. иеленді.
30 қаңтар күні мектеп психологы Мурзабекова М. 9-10 сыныптың ата-аналарымен «Балалар эмоциясының әлемі» тақырыбында тренинг өткізді.
30 қаңтар күні 8 «А» сынып жетекшісі Ақмолдаева Қ. «Тәрбие басы-тал бесік» тақырыбында, 6 «А» сынып жетекшісі Мустакимова Г. «Әдептен озбайық» тақырыптарында ашық тәрбие сабақтарын өткізді.
1 ақпан күні 1-11 сынып оқушылары арасында «Мейірімділік-жан шапағаты» тақырыбында сурет байқаукы өтті. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын 6 «Ә» сынып оқушысы Орынбасар А, , ІІ орын 5 «А» сынып оқушысы Рысқұл Т, І орынды 10 «А» сынып оқушысы Қамысбек Г. иеленді.
1 ақпан күні Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Файзулин С. ұйымдастыруымен «Көңілді стадион» атты отбасылық толағай ойындары өтті. Жарыстың қортындысы бойынша ІІІ орын Әбдреевтер отбасы, ІІ орын Мустафиндер отбасы, І орын Халықовтар отбасы иеленді.
2 ақпан күні 1-11 сынып оқушылары арасында аға тәлімгер Сқағалиева Қ. ұйымдастыруымен «Отаным-алтын ұя бесігім» тақырыбында қорытынды фестиваль өтті.

Сынып сағаттарынан көріністер
«Мектеп, қоғам контексінде рухани-адамгершілік тәрбиенің өзектілігі:мазмұны мен перспективалары» атта онкүндікке арналған іс-шара жоспары өз деңгейінде өткізілді. Іс-шараға белсене қатысқан сыныптар алғыс хаттарымен марапатталды. 2 ақпан күні «Отаным-алтын ұя бесігім» атты фестиваліне 1-11 сынып оқушылары қатысты.
2-11 ақпан аралығында Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өтті.
2 ақпан күні 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен Өзін-өзі тану» махаббат аен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
3 ақпан күні мектеп кітапханашысы Утегулова З. 5-8 сынып оқушыларына «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін өткізді. Көрмеге қазақ ақындарының ата тақырыбында жазылған әдеби шығармалары қойылды.
4 ақпан күні 1-4 сынып оқушылары арасында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бигетаева С. ұйымдастыруымен «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын 3 «А» сынып оқушысы Доғдырбай Мерей, ІІ орын 2 «Ә» сынып оқушысы Әкімжан Әділет,
І орын 4 «А» сынып оқушысы Жаңабай Нұрсерік иеленді.
5 ақпан күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Ата-ананың алтын тұғыры» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сұраншиева А. патриоттық дебат өткізді. Дебатқа қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
6 ақпан күні 1-11 сынып оқушылары арасында «Біз бақытты баламыз» тақырыбында плакатқа сурет салу байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша
ІІІ орын 5 «А» сынып оқушысы Аман Гүлзат, ІІ орын 7 «А» сынып оқушысы Канелбай Ақбота, І орын 8 «Ә» сынып оқушысы Диханбай Ақбота иеленді.
8 ақпан күні 6 «А» сыныбында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Уатаева А. «Мейірімділік асыл қасиет» тақырыбында, 4 «Ә» сыныбында Бигетаева С. «Өнеге отбасынан» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді.
9 ақпан күні «Жас ұлан» ұйымының ұймдастыруымен «Анам және мен» тақырыбында сахналық қойылым көрсетті. Көріністің мақсаты қазіргі уақыттағы қоғамда, отбасында болып жатқан өзекті мәселе, яғни отбасында ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы оқушыларға ой тастау.
10 ақпан күні мектептің әлеуметтік педагогы Уатаева Айсауленің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға оқу мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
11 ақпан күні 1-11 сынып оқушылары арасында аға тәлімгер Сқағалиева Қ. ұйымдастыруымен «Ән көңілдің ажары» тақырыбында қорытынды фестиваль өтті.
5 наурыз күні «8 наурыз халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай мектепте «Ана-өмірдің шуағы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 7 наурыз күні 8-10 сынып ұлдары арасында «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында жайдарман ойындары өтті. Жарыс соңында ІІІ орын 8 сынып, ІІ 10 сынып, І орынды 9 сынып ұлдары иеленді.
7 наурыз күні АКТ залында мектеп ұстаздарына арналған концерттік бағдарлама өтті.


Жайдарман ойындарынан көріністер


Сазды бағдарламадан көріністер

Домалақ-Ене атындағы орта мектебінде оқу жылының басында 1-11 сыныптардың тәрбие жоспарларында қыздар тәрбиесіне байланысты сынып сағаттары, әңгіме, отырыстар жоспарланып, жосарға сәйкес өткізілуде.
16 қазан күні тәрбие жоспарына сәйкес 8-11 сыныптың қыздарымен медицина қызметкерлерінің қатысуымен мектеп мед.бикесі Джанықұлова А. жиналыс өткізді.
10 қараша күні тәрбие жоспарына сәйкес аға тәлімгер Сқағалиева Қ. мен мед.бике Джанықұлова А. 8-11 сынып оқушылары арасында қыздарға әдепті, биязы болуға тәрбиелеу мақсатында «Қыз сұлулығының сыры неде?» атты сырласу кешін өткізді.
20 қараша күні мектеп психологы Мурзабекова М. 7-11 сынып оқушылары арасында «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында кеңес өткізді.
12 желтоқсан күні 5 «А» сыныбында Қосетова А. «Қызға қырық үйден тыйу» тақырыбында сынып сағатын өткізді.


Жалпы ата-аналар жиналысы.


«Қыз өссе елдің көркі» тақырыбындағы кеңес.


Сынып сағаты «Қызға қырық үйден тыйу»

3. Ұлттық тәрбие
Мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттері: сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру.

16-19 наурыз аралығында «22 наурыз Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған жұмыс жоспары құрылып, сол жоспарға сәйкес іс –шара ұйымдастырылып өткізілді.
16 наурыз күні сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларына сәйкес 1-11 сыныптарында «Қош келдің, Әз наурыз» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
17 наурыз күні денешынықтыру пәні пұғалімдері «Наурыз той басталды» атты ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізді.
18 наурыз күні «Қош келдің, Әз наурыз» тақырыбында мерекелік бағдарлама өтті.
19 наурыз күні 1-7 сыныптар арасында «Ғажайып наурыз» атты сурет байқау өтті.


Сынып сағаттарынан көріністер


«Қош келдің, Әз наурыз!» сазды бағдарлама

Ұстаздарға арналған наурыз дастархан

«22 Наурыз Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған іс-шара жоспары өз деңгейінде өткізілді. Іс-шараға белсене қатысқан сыныптар алғыс хаттарымен марапатталды. 19 наурыз күні «Қош келдің, Әз-наурыз!» атты сазды бағдарламасына 1-11 сынып оқушылары қатысты. Кеш соңында мектеп ұстаздары өздері даярлаған наурыз көже дастарханыда бас қосты.
4. Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: тұлғаны қалыптастыруда және әлеуметтендіруде күткен нәтижелерге қол жеткізу, ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері тарапынан балаларға әсер ету.
Міндеттері: әр баланың отбасында өмір сүру және тәрбиеленуінің негізі
болатын құқығын іске асыру;балаларының оқудағы және шығармашылық іс-әрекеттегі жетістіктеріне, мектептік тәрбие процесінің табыстылығынан ата-аналардың мүдделілігі; мектептік шараларды өткізудегі ата-аналардың іс-әрекеті; балаларын оқыту және тәрбиелеу ісінде ата-аналардың мектеп
мұғалімдеріне сенімі; балалардың психологиясын, дүниетаным ерекшеліктерін білу.
Отбасы тәрбиесін қалыптастыру бағыты бойынша жылдық жоспар бекітіліп, мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды. Мектепте жалпы ата-аналар жиналысы әр тоқсан сайын өткізілді. Әкелер кеңесі құрылып, төрағасы
Ә.Ниязбеков пен мүшелері С. Файзуллин, Ж. Халықов бекітілді. Ата-аналардың қатысуымен «Менің жанұям – менің қорғаным», «Әкеге қарап ұл өсер», «Толағай» отбасылық сайысы, «Әкем, шешем және мен» дәстүрлі эстафеталық сайыстар назардан қалған емес. Ұлттық өнерді, ұлттық нақышты жасөспірімдердің бойына сіңіруде ата-ананың қосатын үлесі зор.
11-13.09.2015 аралығында барлық сыныптардың оқушыларынан «Мен және менің отбасым» тақырыбында шығарма алынып, «Отбасы және отбасылық құндылықтар», «Менің тегімнің тарихы» тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді.
15.09.2014 ж 9-10 сыныптардың қатысуымен «Отбасы-заң аясында» тақырыбында құқық пәнінің мұғалімі Б.Сыздықбаеваның ұйымдастырумен құқық сабағы өз деңгейінде жақсы өткізілді. Апталық іс-шараға белсене қатысқан және жарыс жеңімпаздарының марапатталуымен аяқталды.
2-5 наурыз аралығында «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай арнайы іс-шара жоспар құрылып, «Ана- өмір», «Аяулы ана» , «Ананың алақаны ыстық», «Ана -өмірдің гүлі» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарына қонақ ретінде ата-аналар және мұғалімдер шақырылды.
5 наурыз күні 1а,ә,б сыныптарының қатысуымен «Кішкентай арулар» байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Байқауда әр сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелері және мұғалімдер әділқазылар болып тағайындалды. Байқау барысында әр қатысуышы өзінің өнерін көрсетіп, нәтижесінде кішкентай ару болып Хазый Шолпанай атты қызымыз атанды.

«Кішкентай арулар» байқауынан көріністер


Сынып сағатынан көріністер


5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Міндеттері: Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.

Мектебімізде 2015-2016 оқу жылының басында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар бойынша ай сайын бекітілген іс-шаралар өткізілді.
17 қазан күні 9-11 сынып оқушыларына «Шатырқұл» кен орнына болашақ мамандық таңдауға байланысты экскурсия ұйымдастырдық.
19 Желтоқсан күні 9-11 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ташметов «Кәсібилік дегеніміз не!» тақырыбында баяндама оқыды.
6 ақпан күні 10 «А» сынып жетекшісі Мурзабекова М. «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
23 сәуір күні 9 «А» сынып жетекшісі Құстүтінова П. «Менің болашағым» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Сынып сағаттарынан көріністер

1 наурыз-1 маусым аралығына 3 айлық көгалдандыру жұмыстары бойыншабұйрық шығарылып,оқушылар арасында мектеп ауласын тазалау жұмыстары жүргізілді.


Жасыл желек отырғызу


Мектеп волонтерлерінің ауылдың қарттарына көмекке беруы

6. Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие

Мақсаты: құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу
Міндеттері:Республика Конституциясын, еліміздегі заңнама негіздерін, Конституцияны қатаң сақтау қажеттілігін, мемлекеттің заңдары мен басқа да құқықтық актілерін білуді, жеке іс-әрекеттері үшін өзінің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру;құқық нормаларын, қоғамның құқықтық жүйесінде орын алатын заң мен процестерді

Похожие публикации:

05 ноябрь 2016 Мектеп жайлы
05 ноябрь 2016 МЕКЕН ЖАЙЫМЫЗ
05 ноябрь 2016 АТА АНА ЖИНАЛЫСЫ
27 октябрь 2016 CЕМИНАР
27 октябрь 2016 CЕМИНАР
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив