АТА АНА ЖИНАЛЫСЫ » Домалак ене атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Домалақ ене атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(747) 473-56-17
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2016

АТА АНА ЖИНАЛЫСЫ

Домалақ-Ене атындағы орта мектебіндегі кезектен тыс жалпымектептік
ата-аналар жиналысы
№1 хаттамасы

Бірлікүстем ауылы Күні: 28.04.2016 ж
Қатысқандар: 120

Күн тәртбінде:

1. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы.
Баяндамашы- мектеп директоры Р.Ү.Қойбағар
2. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар.
Баяндамашы –директордың тәрбие сі жөніндегі орынбасары Н.А.Ташметов

Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Р.Ү.Қойбағар сөз алды. Директор 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына баса назар аударды.
Талаптардың мақсаты: Міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамассыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердің (ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру.
Мектеп формасы балалар киімдерінің басқа да киімдері іспетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуға тиіс. Білім алушыларының арасында әлеуметтік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған. Мектеп формасы-тәртіптіліктің және ұжымға деген құрметтің айғағы. Ол білім алушылардың денсаулығына қауіпсіз болып табылады.

Екінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Ташметов сөз сөйледі. Ол орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға назар аударды. Мектеп формасының үлгісі , түсі классикалық стильде, біріңғай түс гаммасында жасалады. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі. Ұлдардың мектеп формасы : пиджак, желет, шалбар. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, классикалық жейде, (қысқы уақытта :трикотаж жилет, сарафон, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Құрметті ата-аналар сіздерден жаңа оқу жылына оқушыларымыз жаңа біріңғай мектеп формасымен қамтылуын қолға алуларыңызды сұраймын.
Сөйледі: ата-ана Сокурова Гүлшақыра
Менің үш балам сабаққа барады. Мен жылсайын бір балама 20-25 мың теңгеге мектепке киім аламын, маған мектеп формасын алып беру өте тиімді. 15-17 мың теңге көлемінде киім алу мен үшін өте тиімді, сондықтан балаларыма мектеп формасын алып беремін. Және де мектепте оқушылар формамен жүрген ыңғайлы. Бұл ұсынысқа ата-аналар бір ауыздан келісіп мектеп формасын алу тиімді екендерін айтты.

Шешім:
1. 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығын орындау басты назарға алынсын.
2. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 1-11 сынып оқушылары үшін бірыңғай мектеп формасын енгізу қабылдансын.





Мектеп директоры : Р.Ү.Қойбағар
Хатшы: С.Тойшыбекова
Д¬омалақ-Ене атындағы орта мектебінің кезектен тыс
педагогикалық отырысының
№6 хаттамасы

Күні: 18.05.2016ж
Қатысқан мұғалімдер саны: 38 адам

Күн тәртібіндегі мәселе:
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 13.05. 2016 жылғы
№01-1921, Шу ауданы әкімдігінің 17 мамырдағы 2016 жылғы №0205/1018 хаттары туралы.

Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Р.Ү.Қойбағар баяндама жасады. Өз баяндамасында ата-аналар тарапынан түскен шағымдардың басым бөлігі мектеп директорларының мектеп формасын белгіленген бағадан тыс көтеріңкі бағамен және қай жерден сатып алуға міндеттелген фактілердің көбеюі, «Соңғы қоңырау», мектеп бітіру кештері, мектептің жөндеу жұмыстарына және түрлі іс –шаралар өткізу мақсатында мұғалімдерден, ата-аналардан, мектеп бітірушілерден заңсыз жинауға байланысты хабарлама жасады.
Аудандық білім бөлімі мектеп формасын сатып алу жағдайына байланысты ай сайын маниторинг жүргізілетіндігін мектебіміздің оқушыларының киіп жүрген бүгінгі мектеп формасын ары қарай жалғасуына тек түсін ғана өзгертіп, енгізілетіндігін ата-аналар қауымына соңғы қоңырауға дейін сынып жиналысын өткізіп, осы хаттағы мәселелер жеткізілуі керектігін атап өтті.
/ сұрақтар болған жоқ/

Кезектен тыс педагогикалық кеңес шешім етеді:
1. «Соңғы қоңырау», мектеп бітіру кештерінің, мектептің жөндеу жұмыстарына және түрлі іс-шаралар өткізу мақсатында мектеп бітірушілердің, ата-аналардан, мұғалімдерден заңсыз ақша жинауға қатаң тыйым салынсын.
2. Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының шешіміне сәйкес жаңа 2016-2017 оқу жылында 2014-2015 оқу жылында енгізілген мектеп формасы сақталсын.
3. Оқушылардың формасын сатып алуды ұйымдастыруда ата-аналарға форманы көтеріңкі бағамен және белгіленген жерден сатып алуға міндеттеуге тыйым салынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауға алу директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ташметовқа жүктелсін.




Кезектен тыс педагогикалық кеңестің төрайымы: Р.Ү.Қойбағар
Хатшы: Ж.Қонақбаева

1. Жаңа еңгізілген стандарт бойынша босатылған сынып жетекшілерге арнайы штат ашылса.
2. Мұғалімдердің апталық жүктемесін 14-16 апталық жүктемеге түсірсе.
3. География пәнін оқытуда оқу бағдарламасынан саяси тану бөлімдері алынып тасталса.
4. Орыс тілі пәнінен жаңа оқулықтар шығарылса.

Кезектен тыс педагогикалық кеңесте қаралған мәселе бойынша шешім етеді:
1. Мұғалімдердің ұсыныстары хаттамаға енгізілсін
2. Жоғарыда аталған ұсыныстар аудандық білім бөліміне жіберілсін.

Похожие публикации:

05 ноябрь 2016 МЕКТЕП ДӘСТҮРІ
27 октябрь 2016 CЕМИНАР
27 октябрь 2016 CЕМИНАР
27 октябрь 2016 Мектеп жайлы
27 октябрь 2016 Мектеп жайлы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив