"Вейпинг- электрондық темекінің зияны" » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Вейпинг- электрондық темекінің зияны"
09
декабрь
2021

"Вейпинг- электрондық темекінің зияны"

Домалақ ене атындағы орта мектебінде жасөспірім оқушылар арасында "Вейпинг- электрондық темекінің зияны" тақырыбында мектеп психологы Мурзабекова Мадина баяндама оқып, зиянды заттардың алдын - алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата- аналар чатына " Вейпинг- электрондық темекінің зияны" тақырыбында видеороликтер көрсетілді. Вейп бауыр мен бүйрекке, жүйке жүйесін зиян тигізеді. Оның құрамындағы никотин қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтырады
    Қазір жастар, әсіресе жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында электронды темекі сәнге айналған. Халықаралық тілде бұл – “вейп” деп аталады.  Ол ағылшынның “vapе” - “буды  жұту және шығару” сөзінен шыққан.
   Иә, рас вейп бір қарағанда әдемі, сәнді, оның үстіне темекі сияқты үстіңнен жағымсыз иіс шығармайды. Адамдар, әсіресе қыздар вейп тартатындарға “темікішілерге” қарағандай мұрнын басып, тыжырынып қарамайды. Вейпингтің жасөспірімдер мен мектеп жасындағы балаларды өзіне еліктіріп кеткендігі осындай қасиеттері болса керек. Ал никотиннің дәмін татып қалғандар вейпті осы темікіден құтылу үшін тарта бастайды.
    Вейпті жарнамалаушылар оның құрамындағы хош иістер адам ағзасына мүлде зиянсыз деген дақпырт таратты. Бірақ жақында Нью-Йорк университетінің медицина мектебінің ғалымдары электронды темекіден шыққан түтін тышқандарда өкпенің қатерлі ісігін тудыратынын анықтады.
     Аталған зерттеу электронды темекі мен рак ауруынан болатын никотиннің нақты байланысын бірінші болып анықтады. Бұл туралы америкалық ғылыми еңбектер академиясының Proceedings of National Science Academy жариялаған зерттеуінде егжей-тегжейлі айтылған. Ғалымдар аз ғана вейп тышқандардың ДНҚ-сын зақымдауы және оларда өкпе рагы сонымен бірге қуық қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін анықтады.
    Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 54 апта ішінде никотині бар электронды темекіден уланған 40 тышқанның 22,5 пайызында өкпе обыры, ал 57,5 пайызында қуық қатерлі ісігі дамыған.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив