" Қыз тағдыры- ұлт тағдыры" қыздармен кездесу өткізілді. » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Қыз тағдыры- ұлт тағдыры" қыздармен кездесу өткізілді.
11
октябрь
2021

" Қыз тағдыры- ұлт тағдыры" қыздармен кездесу өткізілді.

Домалақ ене атындағы орта мектебінде "11 қазан - Халықаралық қыздар күні" мерекесіне орай " Қыз тағдыры- ұлт тағдыры" тақырыбында 8-11 сынып оқушы қыздарымен  кездесу өткізілді. Мақсаты: Қыздарда кездесетін мәселелерді шешу жолдарын табу, сондай - ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту. Кездесуге ауылдық амбулаторияның медбикесі А.Буданбекова ,  мектеп психологы М.Мурзабекова, тәлімгер Қ.Сқағалиева қыздарға психологиялық кеңестер мен презентация, видеороликтер көрсетілді. 14–15 жастағы жасөспірім қыздар жаңадан ғана бүр жарып келе жатқан гүл секілді. Жас өскін гүлді  мәпелеп, дұрыс суарудың арқасында ғана әсем гүлге айнала алады.
Сол сияқты қыз балаға да көп күтім һәм қамқорлық қажет. Алдымен міндетті түрде таңғы, түскі және кешкі асты уақытымен ішіп, дұрыс тамақтану қажет.Жасөспірім «өтпелі кезеңнің» қиыншылықтарынан, сабақтың көптігінен, т.б. толып жатқан мәселелерден не толысып, не қатты арықтап кетеді. Ол өз жасының не балаға жататынын, не ересектерге жататынын түсінбей қиналады. Осындай кезде көптеген жастар моральдық қиындықтарды көтере алмай, ішкі ағзаға салмақ түсіріп, омыртқасын қисайтып алады. Үлкендерден жасырынып, темекі тартып, ішімдіктің де дәмін татып көреді. Кейбіреулер бұны ересек болып көріну үшін, не үлкендерге қыр көрсету үшін істейді. Алайда кейін қоя алмай, зиянды әдетке тәуелді болып қалады.
Бұл кезеңде бойдағы энергияны пайдалы істерге: сабақ оқуға, дәмді тамақтар әзірлеуге, болашақ мамандығы туралы тереңірек білуге, шет тілін үйренуге жұмсағаны абзал.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив