Домалақ ене атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өткізілді. » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Домалақ ене атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өткізілді.
13
август
2020

Домалақ ене атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өткізілді.

Домалақ ене атындағы орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың ұсыныстарын талқылау. Коронавирус 2019 вирустың берілу жолдары, симптомдары, жұқтырып алуға күмән болған жағдайда іс-әрекет алгоритмі, алдын алу, өзіндік қорғану әдістері туралы толық мағлұмат берілді. Коронавирус туралы жаднамалар таратылды.
Қашықтықтан оқыту кезінде балалардың бос уақытын қалай өткізуі, ғаламтор желілерінде қандай ақпараттарды қарайтыны қатаң қадағалануы тиіс. Оқушы кіммен араласатыны туралы, біріншіден, оның ата-аналары мен ұстаздары үнемі хабардар болып, назарда ұстауы керек.
Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
— баламен әңгімелесіңіз, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
— балаларға тұрмыста, көшеде және жолда өзін-өзі дұрыс ұстауға үйретуде үлгі көрсетіңіз;
— мектеп әкімшілігімен үнемі байланыста болыңыз: сынып жетекшісінің, мектеп басшысының байланыс телефондарын жазып алыңыз;
— баланың күні бойы қай жерде жүргенін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат ата-аналардың бақылауында, қамқорлығы мен назарында болуы тиіс;
— балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
— балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
— өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электр жылытқыштардың, басқа да электр жабдықтарының, пештің дұрыс жұмыс істеуін және пайдаланылуын қадағалаңыз;
— көлік жүретін жолға назар аудара отырып, мектепке дейінгі ең қауіпсіз маршрутты таңдаңыз;
— балаларды жолда жүру ережелеріне үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуға үйретіңіз;
— қылмыстық жағдайға жол бермеу үшін балаға бағалы заттарды (ұялы телефон, қомақты ақша, зергерлік бұйымдар және т. б.) және мектепке тамақ апаруға рұқсат бермеңіз;
— балалардың қалталарын, иық сөмкелерін тексеріңіз, балалардың киімінде түйреуіштер болмауы тиіс;
— балалармен ойын немесе спорт алаңдарында болғанда, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
— балалар үйдің мекенжайын, телефонын, ата-анасының аты-жөнін білуі тиіс;
— төтенше жағдайларда 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел көмек, 104 – газ қызметі телефондарына хабарласу қажет.
Домалақ ене атындағы  орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бойынша онлайн режимінде ата-аналар жиналысы  өткізілді.
Домалақ ене атындағы  орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бойынша онлайн режимінде ата-аналар жиналысы  өткізілді.
Домалақ ене атындағы  орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бойынша онлайн режимінде ата-аналар жиналысы  өткізілді.
Домалақ ене атындағы  орта мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бойынша онлайн режимінде ата-аналар жиналысы  өткізілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив