" Жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың, буллингтің,
Домалақ ене атындағы орта мектебінде жоспарға сай √156 қаулысының негізінде " Жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың, буллингтің, кибербуллингтің , ерте жүктіліктің алдын алу" мақсатында мектепшілік жалпы ата- аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп психологы ата-аналармен танысу тренингін өткізіп, ата- аналарға буллинге тап болған баланың белгілерімен таныстырып, зорлық - зомбылықтың түрлері мен алдын алу шаралары туралы ақпараттар, жадынамалар таратып, видеороликтер көрсетілді.