" Жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың, буллингтің, кибербуллингтің , ерте жүктіліктің алдын алу" мақсатында мектепшілік жалпы ата- аналар жиналысы өткізілді. » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың, буллингтің, кибербуллингтің , ерте жүктіліктің алдын алу" мақсатында мектепшілік жалпы ата- аналар жиналысы өткізілді.
13
сентябрь
2023

" Жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың, буллингтің, кибербуллингтің , ерте жүктіліктің алдын алу" мақсатында мектепшілік жалпы ата- аналар жиналысы өткізілді.

Домалақ ене атындағы орта мектебінде жоспарға сай √156 қаулысының негізінде " Жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың, буллингтің, кибербуллингтің , ерте жүктіліктің алдын алу" мақсатында мектепшілік жалпы ата- аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп психологы ата-аналармен танысу тренингін өткізіп, ата- аналарға буллинге тап болған баланың белгілерімен таныстырып, зорлық - зомбылықтың түрлері мен алдын алу шаралары туралы ақпараттар, жадынамалар таратып, видеороликтер көрсетілді.
Буллинг, кибербуллинг
Буллинг деген не?
Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын
ауырту мақсатында агрессияны қолдану.
Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы
әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың
басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет
қайталанады және жеке адамға немесе
топқа бағытталады.
Бүгінде буллинг әлем мектептерінде
кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі
ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын
береді. Бұл физикалық агрессияны ғана
емес, психологиялық қысым, қорқыту,
тартып алу, қорлау дегенді білдіреді.
Кибербуллинг – интернеттің барлық саласында, соның ішінде электронды
пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен
қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер, тиісті технологияларды, мысалы,
камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану.
 Бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту,
тартып алу, қорлау дегенді білдіреді.
Мұндай теріс әрекеттер физикалық
байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер
түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін
өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ
буллингтің құрбанын топтан,
қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға
ұмтылу.
Буллингтің қандай түрлері бар?
Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінез-құлық, «азаптаушы» мінезқұлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын
жасырып қою, қорқыту әрекеттері).
ақша беру талабы.
Буллинг белгілері мен сипаттамасы қандай?
Баланың мінез-құлқы оның қорланғанын көрсетуі мүмкін. Ересектер мұндай ықтимал белгілерді
білуі қажет және мынадай жағдайларға назар аударғаны жөн. Егер бала:
Мектепке барудан немесе мектептен қайтудан қорқып, мектеп автобусымен немесе қоғамдық
автобуспен жүруді қаламай, өзін мектепке апаруды өтінсе;
Өзінің қалыпты күн тәртібін өзгертіп, мектепке барудан бас тартып, сабақтан қашуды бастаса;
Өзін-өзі өлтіруге тырысса немесе өлтірем деп қорқытса, үйден қашса;
Түнімен жылап немесе қорқыныш сезімі болып, таңер-тең өзін нашар немесе ауру сезінсе;
Мектептегі үй тапсырмаларын нашар орындап, үйге жыртылған киіммен немесе бүлінген
кітаптармен келеді. Оның басқа заттары бүлінген немесе «із-түс-сіз жоқ болған». Үйге аш келеді
(түскі ас ақшасы ұрланады);
Ақша сұрайды немесе ақшаны ұрлай бастайды (ақша сұраған адамға беру үшін). Ақшаны
«жоғалтады»;
Көгерген не кесілген жерлері бар. Агрессив бола бастайды. Орынсыз әрекеттер жасайды;
Тамақ жеуден бас тартады. Жоғарыда аталғандардың бәріне адам сенгісіз сылтаулар айта
бастайды;
Интернет немесе ұялы телефон қолданудан қорқады. Онлайн хабарлама алғанда, мазасыздана
бастайды.
Бұл белгілер мен мінез-құлық басқа мәселелердің болғанын да байқатуы мүмкін. Алайда қорлануы мүмкін екенін және мінез-құлқын дереу тексеру қажет.
Кибербуллинг
дегеніміз не?
Кибербуллинг –адамды
интернетте,мысалы әлеуметтік
желілерде қорлау
немесе қудалау.
КИБЕРБУЛЛИНГ
Егер де:саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi
фотосуреттерді орналастырса
сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар
жіберсе
жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз
жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив