Ақпарат » Страница 19 » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көркем сөз оқу шебері!
20
февраль
2020
Көркем сөз оқу шебері!
Республикалық «Жас толқын» балалармен жасөспірімдер байқауына Домалақ ене атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Хазый Шолпанай Тілектіқызы «Көркем сөз» жанры бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жетекшісі М. Жиесова құрмет грамотасына ие болды.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
20
февраль
2020
Домалақ ене атындағы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектеп оқушыларының жетістіктерімен шығармашылығы туралы айтып өтті. Әр ата-ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы, жауапкершілігін еш уақытта ұмытпауы тиіс. Егер ата-ана баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекқор етіп тәрбиелесе онда еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік. Сондықтан үйде ата-ана, мектепте ұстаз бала жүрегінен
Ашық есік күні
20
февраль
2020
Ашық есік күні
Мектепте бір мезгіл ыстық тамақпен аз қамтылған 23 бала және 1 сынып 52 оқушы қамтамассыз етілді. Медбике тарапынан күнделікті ас мәзірі тексеріліп, сынама алынып тұрады. Аптасына ас мәзірі ауысып отырады . Ыстық тамақты бақылауға ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылған. Уақытылы балалар тамақтанып отырады. Ата-аналар келіп қадағалап тұрады.
Адалдық алаңы.
19
февраль
2020
Адалдық алаңы.
Домалақ ене атындағы орта мектебінде оқушылардың моральдық қасиеттерін нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылыққа және адалдыққа тәрбилеуге бағыттау мақсатында «Адалдық алаңы» ұйымдастырылды. Мектептегі Адалдық алаңы әр аптаның бейсенбі күні өткізіліп отырады. Мектеп оқушылары адал екендерін көрсете білді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл толуына орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында бірыңғай ашық сынып сағаттары өтті.
16
февраль
2020
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл толуына орай «Бірлігі жарасқан
Домалақ ене атындағы орта мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл толуына орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында бірыңғай ашық сынып сағаттары өтті. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды»- деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
"Отанды сүю - өркениеттің белгісі" тақырыбында сазды бағдарлама өтті.
14
февраль
2020
"Отанды сүю - өркениеттің белгісі" тақырыбында сазды бағдарлама өтті.
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 31 жыл толмақ. Ауыл әкімшілігінің, Домалақ ене атындағы орта мектебінің, мәдениет үйі және ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отанды сүю - өркениеттің белгісі" тақырыбында сазды бағдарлама өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері Бақберген Қырықбаев, Болат Ширван және Бақытжан Бөкенов арнайы шақырылып, зор құрмет көрсетілді.