Ақпарат » Страница 14 » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 9,11 сынып ата-аналарымен санитариялық талаптарды сақтай отырып ата-аналар жиналысы өткізілді.
22
январь
2021
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 9,11 сынып ата-аналарымен
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 9,11 сынып ата-аналарымен санитариялық талаптарды сақтай отырып ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Р.Ү. Қойбағар Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 29.12.2020 жылғы №02-7820 хатына сәйкес «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
"Еріктілер тобы"  "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері  тыл еңбек ардагері  Малдыбаева Шәмкул апаның үйіне көмекке барды.
22
январь
2021
"Еріктілер тобы" "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері тыл еңбек ардагері
Домалақ ене атындағы орта мектебінде "Еріктілер тобы" "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері тыл еңбек ардагері Малдыбаева Шәмкул апаның үйіне көмекке барды.Ауласындағы қарларын тазалады.Апай балаларға алғысын білдіріп, батасын берді.Әрбір еріктілердің бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса алынбайтын асу жоқ.
"Ұлағат отауы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Кәрібайқызы  жас мұғалімдермен сұхбат жүргізді.
21
декабрь
2020
"Ұлағат отауы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Кәрібайқызы жас
Домалақ ене атындағы орта мектебіне "Ұлағат отауы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Кәрібайқызы Гулжаһан мүшелері Бастаубаева Сұлутай Әбдіуалиқызы, Иманбаева Қамажай Мырқашымқызы және мектебіміздің ардагер ұстазы Әліпбаева Раткул Өнербайқызы мен Ұлтанбаева Алмагул Ұялықызы келіп жас мұғалімдермен сұхбат жүргізді. Өздерінің қуанышы мен қызығы, қайғысы қатар жүрген ұстаздық қызметтерінің қыр- сырын мектептің жас мұғалімдеріне үлгі етіп, тағылымы мол тәрбиелік мәні бар өсиет айтты.
Абай Құнанбайұлының  175 жылдық  мерейтойына орай "Ұлы халықтың  Ұлы  Абайы" тақырыбында поэтикалық марафон ұйымдастырылды.
21
декабрь
2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Ұлы халықтың Ұлы
Домалақ ене атындағы орта мектеп кітапханасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Ұлы халықтың Ұлы Абайы" тақырыбында поэтикалық марафон ұйымдастырылды, іс-шараға қатысқан 4"А" сынып оқушылары Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтты. Сондай-ақ "Абай дана, Абай дара" кітап көрмесіменде танысты.
Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" атты тақырыбында "Жас Ұлан ұйымы қатарына "Жас қыран" 2 сынып оқушылары қабылданды.
21
декабрь
2020
Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" атты
Домалақ ене атындағы орта мектебінің аға тәлімгері Қ.Сқағалиеваның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" атты тақырыбында "Жас Ұлан ұйымы қатарына "Жас қыран" 2 сынып оқушылары қабылданды. Мектеп әкімшілігі оқушыларға төсбелгі тағып, сертификат табыстап, сәт-сапар тіледі.
COVID-19 коронавирус індетінің алдын алу түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
21
декабрь
2020
COVID-19 коронавирус індетінің алдын алу түсіндірме жұмыстары
Домалақ ене атындағы орта мектебінің 4 "А" сынып оқушылары мен COVID-19 коронавирус індетінің алдын алу мақсатында мектеп мейірбекесі А.Джанықұлова дәріс, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жаңа мектеп-жаңа технология-жаңа мүмкіндік!
25
ноябрь
2020
Жаңа мектеп-жаңа технология-жаңа мүмкіндік!
Елбасымыз алға қойған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» – баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, ұлы істерге бастайтын маңызды құжат. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында Домалақ ене атындағы орта мектебінің құрылысы басталып, 2020 жылдың қараша айында қолданысқа берілді. Бүгінгі күні іске қосылып, ұстаздар мен оқушылардың қуанышында шек жоқ. Мектепте барлығы – 411 оқушы, бастауыш сыныптың 175 оқушысы ата-ана өтініші негізінде кезекші сыныпта барлық санитарлық талаптарды
«Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен» атты аудандық форум аясында «Жас Ұлан» балалар мен  жасөспірімдер ұйымының қатарына жас қырандықтар қабылданды
04
ноябрь
2020
«Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен» атты аудандық форум аясында
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Кемелді келешекке- кемеңгер Елбасымен» атты аудандық форум аясында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жас қырандықтарды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Мектебіміздің 30 оқушысы, әр түрлі жарыстар мен байқаулардың, сайыстардың жеңімпаздары, бастауыш сынып үздіктері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. «Жас қыран» төс белгісін тапсыру директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Уатаева, бастауыш сынып
"Репродуктивтік денсаулық  дегеніміз не?" тақырыбында 11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
04
ноябрь
2020
"Репродуктивтік денсаулық дегеніміз не?" тақырыбында 11 сынып
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 11 сынып оқушылар арасында "Репродуктивтік денсаулық дегеніміз не?" тақырыбында мектеп мед бикесі А.Джанықұлова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Уатаева, мектеп психологы М. Мурзабекова жасөспірім ұлдар мен қыздардың репродуктивтік денсаулығының қалыптасу ережелері, денсаулықты қорғау жасөспірімдер арасында жоспарланбаған жүктіліктің алдын алуға, репродуктивтік саулықты нығайту туралы түсіндірме жұмыстар ұйымдастырылды.
Мектебіміздің түлегі Қиялбекова  Гулнәр Құлақметқызы "Әуезов дәрістері"  Н. Рахманованың оқу құралын  мектеп кітапханасына тарту етті.
20
октябрь
2020
Мектебіміздің түлегі Қиялбекова Гулнәр Құлақметқызы "Әуезов
Бірлікүстем ауылы Домалақ ене атындағы орта мектебінің 1983 жылғы түлегі Қиялбекова Гулнәр Құлақметқызы "Әуезов дәрістері" Н. Рахманованың оқу құралын аталған мектептің кітапханасына тарту етті. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің шығармашылығына, ғасырлық туындылардың жазылу тарихынан естеліктер берілген бұл кітаптан оқырман үлкен нәр алары сөзсіз. Мектеп ұжымы атынан Қиялбекова Гулнәр түлегімізге шексіз алғысымызды білдіреміз.