Жетістіктеріміз » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
5-6 сынып оқушылары арасындағы өткізілген "Мектеп лигасы" жарысында баскетболдан жүлделі ІІ-ші орынды иеленді.
12
январь
2024
5-6 сынып оқушылары арасындағы өткізілген "Мектеп лигасы" жарысында
Шу ауданы білім бөлімінің  Домалақ ене  атындағы орта мектебінің командасы, аудандық 5-6 сынып оқушылары арасындағы өткізілген "Мектеп лигасы" жарысында баскетболдан жүлделі ІІ-ші орынды иеленді. Құтты болсын! Үйірме жетекшісі: Ғ.Әзімқұл
Республикалық мұғалімдер арасында өткізілген спартакиадада Мүташ Абзал 3-орынды иеленді.
06
ноябрь
2023
Республикалық мұғалімдер арасында өткізілген спартакиадада Мүташ
Қазақстан Республикасының мұғалімдер арасында өткізілген спартакиадасында Жамбыл облысының ерлер арасында волейбол ойынынан намысын қорғаған, Шу ауданының ер мұғалімдер командасы құрамында Домалақ ене атындағы орта мектебінің мұғалімі Мүташ Абзал 3-орынды иеленді.
«Оқуға құштар мектеп»
26
май
2023
«Оқуға құштар мектеп»
Қасым Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Соған сәйкес Домалақ ене атындағы орта мектепте 26 мамыр  күні «Абай жолы- халық жолы» тақырыбында байқау өтті. Байқауда М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан  1 кезеңге тест ұйымдастырылса, 2  кезеңде сұрақтар қойылды. Байқауда әділқазылардың әділ шешіміне сәйкес  1-орынды  10-сынып оқушысы Сейсехан Салима иеленсе,  2- орынды 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Арина
Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын мамандық” тақырыбында аймақтық пікірсайыс турнирі өтті
14
апрель
2023
Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын
Бәйдібек ауылы М. Мәметова мектебінде  Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын мамандық” тақырыбында аймақтық пікірсайыс турниріне мектебіміздің “Жастар”, “Заманауи жастар” фракциялары қатысып, 14 фракция, яғни 28 спикер арасынан “Жастар” фракциясының 1 спикері Сейсехан Салима “Үздік спикер” номинациясын жеңіп алды! Сонымен қоса “Заманауи жастар” фракциясының 1 спикері Батырбай Ақбота “Үздік кейс” номинациясын жеңіп алды! Жеңісті күндеріміз көп болғай!!!  
"Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегерлері
10
март
2023
"Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінің
10-11 сынып оқушыларына арналған "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегерлері  Мұхтарбек   Батырхан  Русланұлы мен Батырхан Нұрым Ержанұлы.    Жетекшісі:  К. Жиренбаева. Құтты  болсын!
«Яссауитану-2023» байқауы өтті
09
март
2023
«Яссауитану-2023» байқауы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 6-11 сынып оқушылары арасында  7наурызда «Яссауитану-2023» байқауының аудандық кезеңіне Домалақ ене атындағы орта мектептен 9сынып оқушысы Хазый Шолпанай қатысып, 1орын иеленіп, облысқа жолдама алды.Жетекшісі Қонақбаева Жұлдыз
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбындағы эссе байқауы өтті
13
февраль
2023
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбындағы эссе байқауы өтті
5-10 сынып оқушылары аралығында өткізілген аудандық «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» тақырыбындағы эссе байқауына 10 Ә сынып оқушысы Әбділда Әдемі қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.  
Мұғалімдер арасындағы өткізілген  турнирде  жүлделі IІІ-орынды иелендік
13
февраль
2023
Мұғалімдер арасындағы өткізілген турнирде жүлделі IІІ-орынды
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 92 жыл толуына орай   волейболдан  аудан мұғалімдері арасындағы өткізілген  турнирде  Домалақ ене атындағы орта мектебінің командасы жүлделі IІІ-орынды иеленді.
"Зерде"  республикалық зерттеу жобалары конкурсының  аудандық кезеңі өтті.
24
ноябрь
2022
"Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңі
2022 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Зерде"  республикалық зерттеу жобалары конкурсының  аудандық кезеңі өтті. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Құдайғұлова Қ. А  4 сынып оқушысы Бахдаулет Сезім Еркебұланқызымен "Тіс пастасы тістің беріктілігіне әсер ете ме?"  деген тақырыбында жобаны қорғап жүлделі 1 орынды иеленіп, облыстық кезеңге  жолдама  алды.