О нас » Страница 18 » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7243) 5-56-93
Бухгалтерия
+7(72643) 5-56-93
Версия для
слабовидящих
Қауіпсіз интернет
05
апрель
2019
Қауіпсіз интернет
[center]Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының ұйымдастыруымен аталған мектепте іс-шара жоспарына сәйкес 8 «А» , 7 «Ә»сыныптарында 4 сәуір күні «Интернет және біз» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатында интернеттің пайдасы мен зияны туралы мектеп оқушылары өз ойларын ортаға салды.
Қауіпсіз интернет
05
апрель
2019
Қауіпсіз интернет
5 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» тақырыбында сурет байқауы өтті. Интернеттің пайдасы туралы ойларын қағаз бетіне түсіріп, қорғап шықты.[center][/center]
Наурыз мерекесі
31
март
2019
Наурыз мерекесі
Домалақ ене атындағы орта мектебінде «Нұрлы Наурыз, армысың!» тақырыбында Наурыз мерекесі аталып өтті. Аталмыш мерекеде мектеп оқушылары би билеп, әнмен шашу шашты. Келешек ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау мақсатында мектеп ұжымы Нұрила мен Нұрасыл егіздердің тұсауын кесті. Тұсау кесу жыры айтылып, бата беріліп, шашу шашылды. Наурыз көже таратылды. Салт-дәстүрден тәлім-тәрбие алған ұрпақ өз елінің патриоты болары сөзсіз.
Наурыз
31
март
2019
Наурыз
Домалақ ене атындағы орта мектебінде наурыз мерекесіне орай «Қош келдің,Әз, Наурыз!» атты 4 «Ә» сыныбында тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Қайрамбаева Ж. тәрбие сағатқа ата-аналарды да қатыстырып, тәрбиелік мәні зор іс-шара өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар өз білімдері мен өнерлерін көрсете білді.
тағзым
15
март
2019
тағзым
Домалақ ене атындағы орта мектебінің ұжымы қазақ халқының ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келеді деп есептелген «Тағзым» күнін қуанышпен қарсы алды. «Тағзым» күніне орай мектеп асхананың аспазшысы Ұлдана Омарова «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей ата-бабалар рухына тағзым етуде әруақтарға құран бағыштап ұжымға наурыз көже таратты. Алла разы болсын деп, берген көжеңіз қабыл болсын деген ақ тілектерімен ұжым ризашылығын айтты.
Қоғамдық қабылдау
14
март
2019
Қоғамдық қабылдау
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 2019 жылғы 13 наурызда мектеп директоры Қойбағар Раушан Үшкемпірқызы қоғамдық қабылдау күнін өткізді. Қоғамдық қабылдауға ата-аналар келді, қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.
Оқушылардың жетістіктері
14
март
2019
Оқушылардың жетістіктері
12-13 наурыз күндері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығында» волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Әр ауданнан 17 команда қатысып, соның ішінде Шу ауданы Домалақ ене атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларынан құралған команда жүлделі ІІІ орынды иеленіп, мектеп абыройын асқақтатты.
8 наурыз
11
март
2019
8 наурыз
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аяулы аналар- асыл жандар» тақырыбында қарт ұстаздарға, мектеп ұжымының әйел қауымдарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Білім мен өнерді қатар алып жүрген мектеп оқушылары келген қонақтарға керемет мерекелік көңіл-кдомсыйлады.
Әнші балапан
11
март
2019
Әнші балапан
Домалақ ене атындағы орта мектебінде 1 наурыз алғыс айту күніне орай «Өнер, білім бәрі де- оқуменен табылған» тақырыбында бастауыш сыныптарда әнші балапан байқауы өтті. Өнерлерімен тәнті еткен балғындар көрермендерге керемет көңіл–кдомсыйлады