29
март
2022
1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Домалақ ене атындағы орта мектебі" КММ-не 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Родителям порталдың
«Білім» бөлімінен
«Орта білім» бөліміне өтуі қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
• 3*4 екі фотосурет.
Шу ауданы, Бірлікүстем ауылы, Ж. Масатбаев улица 31/а