Білім алушыларды қорытынды аттестаттау » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
04
март
2020

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау —мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін үдеріс.
Өткізу түрі: мектепішілік қорытынды емтихан
Өткізу орны: білім алушы оқыған мектепте
Өткізу уақыты: жобамен 29.05.2020 - 09.06.2020 жж.
Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.
Математика (алгебра) пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады. 9 (10) сыныпта жұмыстар балл қою кестесіне сәйкес тексеріледі.
9 (10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.
Ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе).

9 (10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.
Қорытынды бітіру емтихандары9 (10)-сынып

4 емтихан, оның 1-еуі таңдау пәні

ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазба жұмысы (эссе), гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін – жазба жұмысы (мақала, әңгіме, эссе);
математика бойынша жазба жұмысы (алгебра);
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика)»;
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
lmyjkilanpnz
28 июля 2022 17:06
Rbyf. Фильмы онлайн hd качества. Новинки кино в хорошем качестве. https://is.gd/6q8vu0