Мектеп әкімшілігі » Страница 6 » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Оқуға құштар мектеп»
26
май
2023
«Оқуға құштар мектеп»
Қасым Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Соған сәйкес Домалақ ене атындағы орта мектепте 26 мамыр  күні «Абай жолы- халық жолы» тақырыбында байқау өтті. Байқауда М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан  1 кезеңге тест ұйымдастырылса, 2  кезеңде сұрақтар қойылды. Байқауда әділқазылардың әділ шешіміне сәйкес  1-орынды  10-сынып оқушысы Сейсехан Салима иеленсе,  2- орынды 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Арина
«Қазақстан – бірлік пен татулық мекені»
28
апрель
2023
«Қазақстан – бірлік пен татулық мекені»
Домалақ ене атындағы орта мектебінде “1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні” мерекесіне орай оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа,өзге ұлт өкілдерінің бір – біріне деген татулығын,бірлігін насихаттау мақсатында «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбында үлкен іс – шара өткізілді.Іс – шара барысында оқушылар әр ұлттың биін билеп,әнін шырқап келген көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады! #мерекеқұттыболсын!
Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын мамандық” тақырыбында аймақтық пікірсайыс турнирі өтті
14
апрель
2023
Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын
Бәйдібек ауылы М. Мәметова мектебінде  Қаныш Сәтпаевтың 124 жылдығына орай “ Адам бола білу- ең қиын мамандық” тақырыбында аймақтық пікірсайыс турниріне мектебіміздің “Жастар”, “Заманауи жастар” фракциялары қатысып, 14 фракция, яғни 28 спикер арасынан “Жастар” фракциясының 1 спикері Сейсехан Салима “Үздік спикер” номинациясын жеңіп алды! Сонымен қоса “Заманауи жастар” фракциясының 1 спикері Батырбай Ақбота “Үздік кейс” номинациясын жеңіп алды! Жеңісті күндеріміз көп болғай!!!  
1 сынып  оқушылары "бір  бүлдіршін - бір  ағаш" акциясына қатысты.
14
апрель
2023
1 сынып оқушылары "бір бүлдіршін - бір ағаш" акциясына қатысты.
Тал егу акциясы өте маңызды іс екені сөзсіз. Осыған орай Домалақ ене атындағы орта мектебінің 1 сынып  оқушылары "бір  бүлдіршін - бір  ағаш" акциясымен  көгалдандыру жұмысына  белсене қатысты
Оқушыларға  бағыт-бағдар көрсету.
11
апрель
2023
Оқушыларға бағыт-бағдар көрсету.
11 сәуір күні #10 Шу колледжінің Жастар ісі жөніндегі инспекторы Жанар Кулыбекова мен Домалақ ене атындағы орта мектебінің кәсіби бағдар беруші Айгерім Ақмолдаеваның ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушылар колледж тарихымен, оқытылатын мамандықтармен танысты. Кездесудің мақсаты: Оқушыларға  бағыт-бағдар көрсету. Мамандық таңдауға көмек беру.  
“Мамандық таңдай білейік” тақырыбында тренинг сабақ өтті.
23
февраль
2023
“Мамандық таңдай білейік” тақырыбында тренинг сабақ өтті.
2023 жылдың 23 ақпан күні Домалақ ене атындағы орта мектебінің педагог кәсіби бағдар беруші Айгерім Ақмолдаева мен педогог психолог Айгерім Абдикаликованың ұйымдастыруымен 9ә сынып оқушыларымен “Мамандық таңдай білейік” тақырыбында тренинг сабақ өтті. Тренингте оқушылармен ойындар өткізіп, сергіту сәті болды. Оқушылар белсене қатысып отырды Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары: Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарға деген ынта –ықыластарын анықтау. Кәсіптік бағдар беру. Оқушыларды қоғамдағы