«Күз береке бастауы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. » Домалак-Ене атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы білім басқармасының
Шу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Домалак-Ене атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 5-56-93
Есепші бөлімі:
+7(72643) 5-56-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күз береке бастауы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
18
ноябрь
2022

«Күз береке бастауы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

Оқушылардың сурет өнеріне деген қызығушылығын арттырып,  бойларындағы дарынды жандандыру  мақсатында 8-14 қараша аралығында Домалақ ене атындағы орта мектебінің ұйымдастырушы педагогі Қалқабаева Бегайым мен Бірлікүстем ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі аға инспекторы Аралбай Айжанның ұйымдастыруымен мектептің 5-11 сынып оқушылары арасында «Күз береке бастауы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауына жалпы 16 оқушы суреті қатысып, оның жақсы деген 10 суреті ІІ ші кезеңге өтті. Сол 10 сурет иесі 16.11.2022ж күні шақырылып  көзбе көз еркін тақырыпта сурет салды. Сол салған суреттері мен алдында тапсырған суреттері жеке-жеке бағаланып, жалпы ұпайлары бойынша жүлделі орын иелері анықталды. 
«Бас жүлдені»- Өркен Тоғжан, «І орынды» - Қожай Рамазан, «ІІ орынды» -Қыдырбай Мерей, «ІІІ орынды» -Құрманқұл Дана, Бейбітұлы Бексұлтан,  Жұмай Диана иеленді. Жүлделі орын иелеріне бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді, ал қалған қатысқан барлық оқушыға белсене қатысқаны үшін мадақтама берілді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив