04
апрель
2022
Қамқоршылық кеңес мүшелері шақырылып жалпы ата-аналар жиналысында мектеп ұжымында таныстырылды.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
Домалақ ене атындағы орта мектебі" КММ-не 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен басталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналарға порталдың
«Білім» бөлімінен
«Орта білім» бөліміне өтуі қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
• 3*4 екі фотосурет.
Шу ауданы, Бірлікүстем ауылы, Ж. Масатбаев көшесі 31/а